Ауыл жастары кәсіпкерлікке бет бұра бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл жастары кәсіпкерлікке бет бұра бастады

29.10.2014
Ауыл жастары кәсіпкерлікке бет бұра бастады

29 жастағы Қарауыл ауылының тұрғыны Мира Тәбиеваның мамандығы – заңгер. Алайда, дипломы бойынша ауылда жұмыс табылмаған.

Сондықтан мемлекет ұсынған бағдарламалармен жан-жақты танысып, ішінен «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» жобасын таңдады.

Кәсіпкерлікке батыл бет бұрған жігерлі жастың талпынысы бірден қолдау тапты. Сөйтіп жақында ғана шағын тігін цехын іске қосты.

Қазір Абай ауданы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруда, өзгелерден оқ бойы озық тұр. 2011 жылы жоба алғаш іске асқаннан бастап тұрғындарға 700 миллион теңгеге жуық несие беріліп, түрлі бизнес жобаны іске асыруға жұмсалған. Бұл қаржының 15 пайызы – ауыл жастарының үлесінде.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу