Семейдегі 156/15 түзеу мекемесінің медбикесі жазасын өтеушілерге есірткі сатқаны үшін сотталды.
27 жастағы азаматша өзі жұмыс істеп жүрген абақтыдағы сотталушыларға гашиш есірткісін алып өтпек болған жерінен тамыз айында қолға түскен.
Оған қатысты сот процесі сол түзеу мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен ашық түрде өткізілді.
Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Ауыр қылмыс санатына жататындықтан есірткі сатуға әрекеттенген медбике сот шешімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ержан ЖАҚЫП