Баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов осыны жеткізді.
Бүгінде аймақта ірілі-ұсақты 500-де астам кәсіпорын жұмыс істейді. Әр мекемеден ай сайын 50 мың адам жалақы алады.
Биыл қазан айына дейінгі шыққан өнімнің көлемі 389 миллиард 600 миллион теңгеге жетті. Соның тең жарымына жуығы кен сияқты донорлық салаға тиесілі. Бұл – 190 миллиард 100 миллион теңге.
Алмат ӘБДІРАМАН