Маңғыстау облысында аса ірі көлемде героин тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында аса ірі көлемде героин тәркіленді

03.11.2014
Маңғыстау облысында аса ірі көлемде героин тәркіленді

Ақтаулық сыбайластардан барлығы 27 орама «ақ ұнтақ» пен 550 мың теңге қаражат, ал Мұнайлыдағы күдіктіден 20 бума және 38 грамм героин мен 800 мың теңге қаржы қолма-қол тәркіленіп алынды.

Қолға түскен героиннің жалпы сомасы – 24 миллион теңге. Бұл соңғы үш жылда аймақта ұсталған ең ірі көлемдегі есірткі.

Оны саудаға салғандардың қылмысы дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу