Приморский елді мекенінің тұрғындары электр қуатына 38 миллион теңге қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Приморский елді мекенінің тұрғындары электр қуатына 38 миллион теңге қарыз

04.11.2014
Приморский елді мекенінің тұрғындары электр қуатына 38 миллион теңге қарыз

Маңғыстау облысының Приморский елді мекені тұрғындары қарызға белшесінен батып отыр.

Олар тұтынған электр қуатының өтемақысы ретінде 38 миллион теңге төлеуі тиіс.

Алайда, тұрғындардың мұнымен келіскісі жоқ. Олар электр қуатына төлемді уақытылы жасағандарын айтады.

Ауылда шамамен 550 түтін бар. Олардың әрқайсысы үйлеріне жарық, газ, суды өз күштерімен тартып алған.

Даулы мәселенің ақ-қарасын анықтаумен  Өмірзақ ауылы әкімдігі айналысуда.

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу