Орал қаласында ұзындығы 80 шақырым болатын арық жүйесі қазылуда. Ауқымды құрылыс шаһардың шеткері аудандарына қауіп тудыратын тасқын суға тосқауыл қояды.
Оралдың «Арман», «Көктем», «Кең дала», «Сарытау» шағын аудандары «Жел тау» аталатын үлкен дөңнің етегінде орналасқан.
Сондықтан, жылма-жыл көктем шыға төбедегі қар еріп, бұрынғы табиғи жылғалардың жолындағы көшелер мен аулалар, тұрғынжайлар су астында қалады.
«Осы орайда құрылысы қолға алынған арық желісі тұрғындарды әбігерге салған мәселені шешуге бағытталған», дейді мамандар.
Рауан ДИӘЛИ