«Қырық жыл адал еңбек етіп, негізсіз жұмыстан босатылдым». Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының тұрғыны осылай, деп Ұлттық арнаға хат жазды.
Қазір ерлі-зайыптылар Әбдірайым Мыржыбаев пен Оңалсын Бердешова тек үй шаруасымен айналысады.
Себебі, отағасы қызметінен босап қалған алты жылдан бері тұрақты жұмыс таппаған. Әйелі де жұмыссыздар қатарында.
Ал, ауыл әкімдігінің қызметкерлері Әбдірайым Мыржыбаевты «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында алты айлық жұмыспен қамтығандықтарын, қазір оның мерзімі біткендіктен, тұрақты жұмыс тауып бере алмайтынын жеткізді.
Айнұр АҚБАЕВА