Ақтауда ІІБ тергеушісі 7 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда ІІБ тергеушісі 7 жылға сотталды

11.11.2014
Ақтауда ІІБ тергеушісі 7 жылға сотталды

Ақтауда қалалық Ішкі істер басқармасының тергеушісі жемқорлық әрекеті үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, 4 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Айыпталушыны Қаржы полицейлері тұтқындаған.

Ол қызмет бабын пайдаланып, қарап жатқан қылмыстық істі қысқартамын, деп күдіктіден «Ақтау-Шымкент» бағытындағы ұшаққа билет, сондай-ақ, 50 мың теңге талап еткені анықталды.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу