«Фашизмге қарсы болған сұм соғыста бізді жеңіске жеткізген Отанға деген махаббат пен атамекенге шексіз сүйіспеншілік».
ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысып, елге жеңіспен оралған жамбылдық Уәтай Әлімқожаев сұм шайқасты осылай еске алады.
Қайсар мінезді қазақ жігіті қырағылығының арқасында артиллерия, одан соң атты әскер сапында болды.
Бессарабия мен Украина, Карпат тауларының беткейін, Днепр өзені үшін шайқаста қайсарлық пен батылдық танытты.
Жасы 94-ке аяқ басқан қарт майдангер бүгінде ауылдың қазыналы қариясы.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ