«Сенің сыйлығың – мейірім нышаны» атты қайырымдылық шараға қатысқан әрбір бала өз қолынан қолғап, жемпір, бас қиім, көйлек тоқып, безендірді.
Тұңғыш Президент мерекесіне орайластырылған шараға қаланың барлық мектептерінен оқушылар қатысып, қызығушылық танытты.
Өз кезегінде Білім департаменті қызметкерлері мейірімін төккен балаларды алғыс хатпен марапаттады. Кеш соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
Ләззат БЕКТАС