Осы орайда, Семейде жергілікті кәсіпкер мал сою алаңын іске қосты.
Цехтың тоңазытқышы, арнайы зертханасы да бар. Сойылған мал еті бірден тексеріліп арнайы сараптамадан өтеді.
Жаңа нысанды тұрғызып, қажетті жабдықтар алу үшін, кәсіпкер 60 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаған.
Ең бастысы, жаңа жұмыс орындары ашылды. Мұнда енді 20 адам, екі ауысымда еңбек етеді.
Ержан ЖАҚЫП