Алматыдағы Сән және дизайн колледжі ғимаратының екінші қабатында граната жарылды.
Алдын ала мәліметке қарағанда, жарылыстан бір студент қыз қаза болып, 8 адам жарақат алды. Арасында оқытушы бар.
Оқиға орнына жеткен қала әкімі Ахметжан Есімов жарылыс себебін шұғыл түрде анықтауды тапсырды.
Қазір қала әкімінің орынбасары Юрий Ильиннің басқаруымен арнайы комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды.
Шынар АСАНҚЫЗЫ