«Дәл осы нәтижені 2016 жылы Риода өтетін Паралимпиада ойындарында қайталаймыз» - дейді спортшылар.
Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Тастанбек Есентаевтың айтуынша, елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға спортпен айналысуға барлық жағдай жасалуда.
Республикамызда мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған 8 спорт клуб жұмыс iстейді.
Оның iшiнде Оңтүстiк Қазақстан және Қарағанды облыстарында 2 мамандандырылған спорт мектептері бар.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ