Сан ұлтқа саялы мекен болған Cыр елі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сан ұлтқа саялы мекен болған Cыр елі

17.11.2014
Сан ұлтқа саялы мекен болған Cыр елі

Олардың әрқайсысы қоғам өмірінен тысқары қалмай, татулықтың тал бесігіне айналған еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосуда.

Татар этномәдени орталығының құрылғанына – 23 жыл. Яғни, тәуелсіздікпен төл құрдас. Облыс көлемінде өтетін әрбір шараға олар белсене қатысады.

Ал, Гүлчин Гейдарова түрік ұлтының өкілі. Бір кездері ата-бабасы Сыр еліне көшіп келіп, осында тұрақтап қалған.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде халықаралық байланыс басқармасының бас маманы болып жұмыс істейтін ол өңірдегі түріктердің мәдени орталығына жетекшілік етеді.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу