Осы оқиғадан зардап шеккен оқушылардың денсаулығына байланысты қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасында брифинг өтті.
Жарылыстан зардап шеккен 12 бала «Алматы» шипажайындағы оңалту, сауықтыру бөлімінде емделеді. Қазір олардың денсаулықтары бірқалыпты.
Бүгінде ауруханаға түскен 10 білімгердің жағдайлары бір қалыпқа түскен.
Ал, реанимация бөліміндегі күрделі операциядан шыққан 2 бала ес-түссіз жатыр. Оларға Алматы қаласындағы ең үздік дәрігерлер мен психолог мамандар көмек көрсетуде.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ