Мақсат – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кіретін елдердегі сайлау науқанын ұзақ мерзімді байқау жүйесін ұйымдастыру. Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша бұл жүйенің жүйелі түрде жұмыс істеуіне елімізде кедергілер көп.
Оған бақылаушылардың шет тілін білмеуі, іссапарға қаражаттың қажетті деңгейде бөлінбеуі, бақылаушының жұмыс орнын ұзақ мерзімге тастап кетуі тәрізді факторлар әсер етуде. Ал, сайлауды ұзақ мерзімді байқау бақылаушылар үшін өлшеусіз тәжірибе.
Айдана ҮСЕНБАЙ