Қазақстан азаматтарының өзге елге көшу себептері қандай? Бұл сұраққа Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия жауап беретін болады.
Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен өткен комиссия кеңесінде Қазақстан азаматтығын қабылдау және шығару мәселелері қаралды.
Әзірге ТМД және алыс шетелдерден келген 638 адам қазақстандық атануға үмітті. Комиссия ұсынымының негізінде ел Президенті тиісті Жарлыққа қол қойса, аталған тұлғалар Қазақстан азаматы атанады.
Әлия ӘШІМ