Энергия үнемдейтін шамдарды жаппай қолдану жоспарланып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергия үнемдейтін шамдарды жаппай қолдану жоспарланып отыр

21.11.2014
Энергия үнемдейтін шамдарды жаппай қолдану жоспарланып отыр

«Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасы аясында болашақта елімізде электр қуатын үнемдейтін шамдарды жаппай қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Бұл турасында бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Қазір қазақстандықтар люмиценттік және жарық диодты шамдарды аса көп пайдаланбайды. Алайда, оны көбірек қолданса, жылына 7 миллиард киловатт-сағатты үнемдеуге болады екен.

Сондықтан, мамандардың ойынша, алдағы 3-4 жылда еліміз толықтай осы шамдарға көшуі ғажап емес. Сол үшін тіпті жарық-техникалық өнеркәсіпті дамыту қолға алынуда.

Мәселен, бүгінде Қазақстанда бұл бағытта 10-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Болашақта олардың санын арттырып, энергия үнемдейтін шамдардың бағасын 1 долларға дейін төмендету көзделіп отыр.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу