Бұл өзара серіктестік Жетісу өңіріндегі елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз етуді едәуір жеделдете түспекші.
Бұл меморандум Талдықорғанға магистральді газ жеткенше елді мекендерге құбырлар тарту жұмыстарын бастап кетуге кепілдік бермекші.
Табиғи газбен 160 мың тұрғыны бар Талдықорған қаласы толықтай қамтамасыз етілетін болады.
Одан бөлек іргелес аудандар мен қалалардағы 700 мыңға жуық халықтың да көгілдір отынның игілігін көретін кезі алыс емес.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ