Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, «халал» шұжығын өндіретін 293 цехтың 14-і талапқа сай болып шықты. Ал, қалғандарының 91 пайызы доңыз етін, 9 пайызы адам ағзасына зиянды дүниелерді қолданған.
Халал стандарттау саласын табыс көзіне айналдырып, айналасындағыларды арам аспен улаған кәсіпкерлердің жұмысын енді діни басқарма қадағаламақ.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының айтуынша, қазір 250 имам халал стандарты семинарынан өтіп, білімін жетілдірді.
Айгүл ЕРМАХАН