Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қаралды

26.11.2014
Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қаралды

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен өткен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысында айтылды.

Осы тақырып бойынша Энергетика министрлігі мен Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының басшылары баяндама жасады.

Комиссия мүшелері баяндамаларды талқылап, өңірлерде анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстарын білдірді.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу