Тәулігіне 15 мың тоннаға дейін шикізат өңдейтін кәсіпорында 150-дей адам жұмыс істейді. Жаңадан орнатылған құралдардың қуаттылығы маусымда бүкіл ел көлемінде жиналатын 600 тоннадай жүнді түгел жуып, толық өңдеуге мүмкіндік береді. Ал жуылған жүнге әлемдік нарықта сұраныс өте жоғары болып тұр. Қазірдің өзінде оған бірқатар елдер тапсырыс бере бастады.
Фабрика бүгінде әскерилерге арналған аяқ-киім, ішік, тон сияқты дүниелерді саудаға шығарып отыр. Ресей және Беларусь елімен арадағы экономикалық ықпалдастық кәсіпорын тауарына деген сұраныстың көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді. Отандық өнім бұл елдерден бөлек Англия, Қытай мен Украинаға да жіберіледі.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ