Қазақстан «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасын жүзеге асыруда көптеген басымдықтарға ие. Мұндай пікірді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат берген Қытайдағы ірі зерттеу орталықтарының басшылары айтты.
Ұлы Жібек жолының бойында экономикалық белдеуі құру туралы бастаманы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин былтыр Назарбаев университетіне келгенінде көтерген. Бұл белдеу 3 милллиард тұрғыны бар 40 елді қамтиды және Азия-Тынық мұхиты аймағын Еуропамен жалғайды.
Ұлы Жібек жолын жаңғырту оның бойында орналасқан елдер үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды. Былтыр Қытайдың бір топ тілшісі Чунсин-Шыңжаң-Еуропа бағыты бойынша автокеруенмен жүріп өтті.
Берік КӨШЕРБАЕВ