Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ауылда балық шаруашылығын қолға алған да өзі.
Бүгінде несібе сүзудің небір әдістеріне машықтанған маман 30-дан астам жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтуда.
Ұжымда 10 бригада жұмыс істейді, 20 шақты қайық бар. Соның көмегімен кефаль, шабақ және қарабалық ауланады.
Ауылға күніне 40-50 тоннаға дейін теңіз өнімі жеткізіледі. Бірнеше мектеп пен балабақша асханасы жаңа ауланған балықты тұтынады.
Жазира ӘБІЛ