Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі «Қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдары алдында тұрған түйткілді мәселелерді» талқылады. Жиында телеарналар мен радио және интернет ресурстардың мәселесі айтылды.
Оның ішінде отандық телеарналардың төл өнімдері мен рейтинг мәселесі де сөз болды. Сарапшылар тележүргізушілердің кәсіби деңгейі мен біліміне, сондай-ақ, сан салалы бағдарламалардың өзектілігі мен мазмұнына тоқталды.
Одан бөлек, шетелдік телесериалдардың ұрпақ тәрбиесіне әсері талқыланды. Көгілдір экран тек ақпарат таратып қоймай, идеологияны насихаттау керектігі айтылды. Жиынға қатысушылар, «Ақпараттық майданда» еліміздің мүддесі мен ұлт тәрбиесі аяқ асты қалмауы керек, деп тарқасты.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ