Қазақ елі Тәуелсіздік алған жылдардан бері қарқынды дамып, болашаққа нық қадам басып келеді. Бұл – елдегі ішкі тұрақтылықтың арқасында қол жеткізген зор табыс.
Әйтпесе, посткеңестік кеңістіктегі қанша мемлекет алауыздықтың кесірінен артта қалып қойды. Тәуелсіздік күні қарсаңында, Мәскеу қаласында өткен дөңгелек үстел кезінде, ресейлік сарапшылар осындай пікір білдірді.
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі ұйымдастырған шара барысында, еліміздегі дінаралық татулықтың үлгісі жан-жақты талқыланды. Мамандардың пікірінше, Қазақ елінің ішкі тұтастықты сақтаудағы саясаты, айналасындағы көршілерімен арадағы сыртқы қарым-қатынаста да нәтижесін беріп, ынтымақтастықты арттырып отыр.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ