Мадридте Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадридте Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты кеш өтті

05.12.2014
Мадридте Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты кеш өтті

Испания астанасы Мадрид қаласындағы «Villa Magna» қонақүйінде Қазақстанның Тәуелсіздігі күні мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ресми қабылдау кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, Қазақстанның Испания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Дүйсенбаевтің айтуынша, биыл елшіліктің ашылғанына 15 жыл толып отыр.

Кеште Қазақстан туралы көрме ұйымдастырылды және қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылып, ән-күйі шырқалды.

Шараға Испанияның танымал қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Хабарламаларға жазылу