Қарағанды облысында мамонттың қос мүйізі табылды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында мамонттың қос мүйізі табылды (ВИДЕО)

08.12.2014
Қарағанды облысында мамонттың қос мүйізі табылды (ВИДЕО)

Ғалымдар шамамен біздің дәуірімізден 15 мың жыл бұрын тіршілік еткен мамонттың мүйізі деген болжам жасап отыр.

Бірінің ұзындығы – 2 метрден астам. Екіншісі – 1 метр 80 см. Ал, диаметрі 53 сантимердей болады.

Қазір тарихи құнды дүние облыстық тарихи-өлкетану музейінде қойылды.

Келешекте кеніш аумағында археологтар зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу