Шымкенттегі Тәуелсіздік саябағы мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі Тәуелсіздік саябағы мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылды

10.12.2014
Шымкенттегі Тәуелсіздік саябағы мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылды

Саябақ шым шаһардың ең биік жеріне орын тепкен. Әрі бұл жер қаланың тарихи-рухани бастау алған жері саналады.

Аумағы 8 гектардан астам жерді құрайтын саябақта ұлтаралық татулықты білдіретін «Ел бірлігі» монументі мен аллея бойындағы граниттен жасалған 21 тақтайша бар.

Ал, «Отан ана» сәулеттік монументі дархан даламыздың кеңдігін және халқымыздың татулығы мен бейбітшілігін бейнелейді.

Рәміздер алаңында орын тепкен 25 метрлік найзалардың ортасында көлемі 128 шаршы метрді құрайтын өңірдегі ең үлкен көк туымыз желбіреп тұр.

Шаһар тұрғындары сәулет өнерінің жетістігі саналатын саябақты Тәуелсіздіктің жемісі деп бағалайды.

 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу