Нұрлан Рамазановтың техникалық қызмет көрсету орталығын ашқанына 3 жылдан асты. Күніне кем дегенде 4-5 автокөлік жөндеп, ісін ілгерілетіп келеді.
Явленка ауылының тұрғыны Жамбыл Ақбаев та жаңадан ашылған қосалқы бөлшектер дүкеніне сатушы-кеңесші болып орналасқан.
Жұмысы тұрақты, жалақысы жартымды. Өзі болса «тапқан табысым отбасымды асырауға толығымен жеткілікті», дейді.
Мемлекеттік бағдарламаны ұтымды пайдаланған кәсіпкер бизнес аясын кеңейтіп шаштараз бен такси қызметін де ашты.
Осының арқасында бір орында бірнеше бизнес нысаны жұмыс істеп тұр.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ