Атамекенге қарай ағылған бауырларымыздың көші көлікті, сапарлары сәтті болды. Жастары сапалы білім алса, үлкендері жемісті еңбек етуде. 23 жыл ішінде Маңғыстау облысына 33 мыңға жуық отбасы қоныс аударған.
Маңғыстау облысының экономикалық және әлеуметтік жағдайының тұрақтылығы қандастарымыздың қызығушылығын туғызып отыр. Соңғы 3 жылда облысқа бет түзеген бір жарым мың отбасы бар. Ондағы 12 мыңдай адам түрлі салада еңбекке араласып, білім алып жүр. Ал, биылдың өзінде 1 мың 300 жан қоныс аударды. Мұның бәрі тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы, егемендіктің елеулі жемісі.
Жазира ӘБІЛ