Қазалы ауданында Тәуелсіздік күніне орай ауыл клубы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазалы ауданында Тәуелсіздік күніне орай ауыл клубы ашылды

15.12.2014
Қазалы ауданында Тәуелсіздік күніне орай ауыл клубы ашылды

Қазалы ауданы Түктібаев ауылында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 150 орындық ауылдық клуб ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісов қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Екіқабатты ғимарат заманауи талапқа сай салынған. Клубта 21 мыңнан астам қоры бар кітапхана және сурет, музыкалық білім беретін үйірмелер жұмыс істейтін болады.

«Енді ауыл азаматтарының жиналып, түрлі рухани кештер, шаралар ұйымдастыруына барлық жағдай бар. Тек соны пайдаланып, рухани құндылықтарымызды арттыруға атсалысуларыңыз қажет.  Заманауи үлгідегі жаңа клубы бар ауылдан Сыр елінің мерей-мәртебесін асқақтатар талай талантты ұл-қыздардың өсіп-жетілеріне сенімім мол», - деді облыс әкімі.

Хабарламаларға жазылу