Ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күні қарсаңында мұндай шараның маңызы зор.
Бұл күндері бүкіл еліміз айрықша үздік деп таныған, қоғамды дамытуда, еліміздің тәуелсіздігін нығайтуда халықтың құрметіне бөленген жандар ерекше марапатталады.
«Қазақ елінің қазіргі қол жеткізген табыстары – еліміздің ұстанған стратегиялық саясаты, сондай-ақ ел азаматтарының қалтқысыз қызметі мен қажырлы еңбегінің арқасы», деген Мемлекеттік хатшы жиналғандарды Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ