Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Беларусь лидерінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарда мемлекеттілікті нығайту, әлеуметтік-экономикалық даму, халықаралық аренаны мойындатуда теңдесіз табыстарға жетті», - деп жазылған Беларусь Президентінің сайтындағы құттықтауда.
Беларусь елінің басшысы Беларусь пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас екі ел халықтарының достығы, сенімге деген құрмет және өзаратиімді әріптестік негізінде нығая түсетініне сенімді.