Қытай мен Қазақстан – стратегиялық серіктес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай мен Қазақстан – стратегиялық серіктес

17.12.2014
Қытай мен Қазақстан – стратегиялық серіктес

Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар институтының жетекші маманы бірнеше жыл бойы Қазақстан туралы жаңалықтарды қалт өткізбей, елімізді дамуын жан-жақты зертеумен айналысып келеді.

«Қазақстан Қытай үшін ТМД елдерінің арасында сауда-экономикалық қатыснасы жағынан  екінші орынды мемлекет. Бүгінде екі ел арасындағы сауда айналымы 29 миллиард долларға таяп қалды.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин алдыңғы жылы Назарбаев университетінде лекция оқып, тұңғыш рет «Ұлы Жібек жолының экономикалық» белдеуі жайында айтқан.

Төрағаның дәл сол уақытты, дәл сол жерді таңдауы кездейсоқ емес, Себебі бұл алып жобаны іске асыруда Қазақстан біздің ең маңызды стратегиялық серіктес», - дейді Сю Тао.

 

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу