Шаруа қожалығының басшысы ауылдағы 7 отбасыдан 16 миллион теңге талап етуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаруа қожалығының басшысы ауылдағы 7 отбасыдан 16 миллион теңге талап етуде

19.12.2014
Шаруа қожалығының басшысы ауылдағы 7 отбасыдан 16 миллион теңге талап етуде

ШҚО-дағы Ұлан ауданындағы Мамай батыр ауылындағы шаруаның есебінше, ол күзде егістік алқабынан мол өнім алуы тиіс еді. Енді осы өнімнің нарықтық құнын сиырлардың иелерінен өндіріп алмақ.

Алайда, ауыл тұрғындарының айтуынша, қожалық басшысы құжатта жазылған аумақтың тек үштен бір бөлігіне ғана көкөніс отырғызған.

Оның өзі дұрыс шықпай қалған соң, енді бар шығынын біздің мойынымызға іліп қойғысы келіп отырған алаяқ, дейді.

Қожалық басшысының есебінше, 272 тонна көкөністің құны 16 миллион 320 мың теңге. Бірақ, ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, шаруа жерінің бір бұрышына ғана көкөніс еккен.

Қос тарап құр дауласа бермей, бүгін ресми түрде сотта кездесті. Судья кәсіпкер мен ауыл тұрғындарынан және осы іс бойынша куәгерлерден жауап алды.

Алайда күні бойы созылған сот отырысында шешім шыққан жоқ. Даудың қалай аяқталатыны әзірге белгісіз.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу