Бүгінде шаһарда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 12 пәтерлі екі үй салынуда. Оның бірі жыл соңына дейін жас отбасыларға тапсырылады.
Ал, екінші үй 2015 жылы пайдалануға беріледі.
Қазір құрылыс басында екі бригада жұмыс істейді. Қажетті материалдар, техника күші жеткілікті.
«Баспана кезегінде тұрғандар саны көп болғандықтан, қаладағы құрылыс ауқымын кеңейтуге мәжбүрміз», дейді әкімдік мамандары.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ