Аджимушкайдағы ерлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аджимушкайдағы ерлік

26.12.2014
Аджимушкайдағы ерлік

Алайда, тапсырма орындалмады. Немістің қалың қолы Қырым фронтының әскеріне де шабуылдап, оларды Қырымның Керчь қаласынан қуып шықты.

Ал, әскер мен жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару үшін полковник Ягунов бастаған он бес мыңға жуық жауынгер Керчь қаласына қарасты Аджимушкай елді мекенінде немістерге тойтарыс берді.

Жауынгерлер Аджимушкайда ерліктің қайталанбас үлгісін көрсетті. Олар саны жағынан әлдеқайда көп фашистерге соққы беріп, Қырым фронты әскерлері қауіпсіз жерге шығып үлгерді.

Алайда, Аджимушкайдағы әскердің өзі қоршауда қалып қойды. Олар жауға берілмей, қасық қаны қалғанша қорғанды.

Ашық жерде шайқасуға амал болмағандықтан, жауынгерлер мен жергілікті тұрғындар бұрындары ақ бор өндірген шахталарға түсіп, оны қорғаныс қамалы ретінде пайдаланды.    

Валентина Климчук, «Керчь» тарихи-мәдени қорығының қызметкері:

Олар ерлікпен қорғанды. Немістер үңгірге түсе алмады. Сондықтан бірнеше рет улы газбен уландырды. Одан мыңнан аса адам қаза тапты. Қиын кездер содан кейін басталды.

Арада екі ай өткенде азық-түлік және дәрі-дермек қоры таусылды.

Жауынгерлердің аштықтан әлсірегені соншалық, олар ауысыммен күзетке тұрғанда автоматпен атуға әлдері болмады.

Саусақтарымен дыбыс беретін құрылғыны басуға ғана күштері жетті. 

Аштықтан біразы қайтыс болды. Адамдар өлмес үшін шөппен қоректенді. Тағы бір проблема су болатын. Құдықтар сыртта еді. Күш сарқылғасын, сыртқа шығуға да тыйым салынды.

Батырбек Қуандықұлы, тілші 

Үңгірді паналаған мыңдаған сарбаз бен қарапайым тұрғын судың тапшылығынан қатты зардап шекті. Сондықтан олар қарапайым әдіске барды. Олар үңгір төбесін ойып, одан аққан жаңбыр суын әскери каскаға жинап отырған.

Жаңбырлы күндер де аз болғандықтан, үңгірдегілер 20 метрлік құдық қазып, суға қол жеткізді. Осылайша олар 5,5 ай ерлікпен қорғанды.

Кейін мұнда немістер басып кіргенде небәрі елуге жуық адам тірі болды.

Бүгінде 180 гектар аумақты алып жатқан үңгірдің 15 пайызы ғана зерттелген. 3 мыңнан астам адамның мүрдесі табылған.

Наталья Дзюба, «Патриот» әскери іздестіру клубының  мүшесі:

Біз жылына екі рет зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Осы жылы 60-қа жуық адамның сүйегі табылып, 21-нің аты-жөні белгілі болды.

Зерттеушілер, мұнда қазақстандықтардың да болғанына толық сенімді. Себебі, олар қазақ жауынгері Ілиясов туралы ақпарат тапқан. Бірақ, әзірге оның сүйегі де, құжаты да табылған жоқ.    

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу