Меллат Тазабекұлы осы сауда белгісімен қазақтың ұлттық тағамдарын сатумен айналысады.
Ол бизнесін бастағанда пайда табуды емес, қазақтың қасиетті дастарханын қалың елге танытуды мақсат еткен. Ұлттың ұпайын арттыруға бағытталған игі іс болғаннан кейін, ісі алға басты.
Қытайды мекен ететін өзге ұлттар арасында да Меллат шығаратын қазақы шай, кәмпит, талқан, бауырсақтарға сұраныс мол.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ