Еңбек – Тәуелсіздік тұғыры - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек – Тәуелсіздік тұғыры

30.12.2014
Еңбек – Тәуелсіздік тұғыры

Себебі – Елбасы сұхбатында айтылғандай еңбек пен Тәуелсіздік егіз ұғым.

Егін салып мал өсірумен айналысатын шаруашылықта 3 мыңға тарта адам жұмыс істейді. Мұнда тек өнімді өндіріп қана қоймай, оны өңдеу саласы да қарқынды дамып келеді. 

«Қарасу» кәсіпорны – егіншілікпен қатар, мал шаруашылығын да өркендетіп отырған құрылымдардың бірі.

Мұнда 8 мыңға жуық ет бағытындағы қазақтың асылтұқымды ақбас сиыры бар.

Бұл түліктің ең ірі бұқалары 900 келіге дейін салмақ жинайды. Етінің үлесі – 53 пайыз. Кәсіпорынның Свердлов ауылындағы бордақылау алаңында 31 адам жұмыс істейді.

Өнімдер облыс аумағымен қоса еліміздің солтүстік, батыс өңірлерінде саудаланады.

Сонымен қатар, биыл Ресейге 129 тонна ет экспортталды.  Алдағы уақытта бұл көрсеткішті арттыру көзделіп отыр.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу