Халықтың зиярат ететін, асылдарымыздың шығармашылығы мен өмірі туралы көпке насихат жасайтын тарихи орындар қалыпқа келтірілді.
Музейлер бұрын қол жетпей келген тың деректермен толығып, тарихи құнды құжаттарды көпшілікке таныстыруға мүмкіндік туды.
Бұрын Ресей мұрағаттарында сақталып, қол жетпей келген тарихи құнды деректер егемендік алғаннан бері жарыққа шықты.
Жергілікті ғалымдарға оларды зерттеп, құнды еңбектер жазуға да жол ашылды.
Алайда, барды түгендеп алдық деу ертерек. Әлі де болса зерттелуі тиіс, сырлы дүние мол.
Әсіресе, жас ұрпақ өз халқының тарихын терең ұғынып, қасиетін түсінуі тиіс, дейді ғалымдар.
Егемендікті аңсап өткен ата-бабаларымыздың еңбегін білу, оны бағалау Тәуелсіздіктің қадірін арттыра түсері анық.
Ержан ЖАҚЫП