Париждегі шабуылдан жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждегі шабуылдан жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

08.01.2015
Париждегі  шабуылдан жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Қазақстан экстремизмнің барлық түрімен күрес жолында Францияны қолдайды», делінген хабарламада.

Франция полициясы Париждегі «Шарли Эбдо» журналы редакциясын шабуылдады, деген күдікпен іздеу жарияланған екі ағайынды жігіттің фотосуретін көрсетті.

Құрбандардың ішінде басылымның бас редакторы, елдің белгілі карикатурашылары мен екі полиция қызметкері бар. 

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу