Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы ең жоғары жалақы - 750 мың теңге - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы ең жоғары жалақы - 750 мың теңге

14.01.2015
Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы ең жоғары жалақы - 750 мың теңге

Оның айтуынша, ең көп жалақы басқарма мүшелерiнде - 750 мың теңге. Салығы бар, өзгесi бар шамамен қолдарына 600 мың алады.

«Олар негізінен iрi бизнесi бар адамдар, сондықтан 500 мыңнан астам қаражатпен еш таңқалдыра алмайсың», - деп қосты төраға.

Ал, палата мен департамент директорларының жалақысы жарты миллион теңге болса, сарапшылар 300 мың теңге алады. 

Сондай-ақ, төраға палатаның 6 миллиард теңгесінің қайда жұмсалғаны туралы есеп берді.

Оның 60 пайызы жалақы мен салыққа кетсе, 12 пайызы кеңсе жалдауға, 10-12 пайызы қарыз өтеуге, 2 пайызы - iс-сапарларға, тағы 2 пайызы - кеңсе тауарларына, 5 - пайызы техника мен жиһаз сатып алуға жұмсалған.

 

Аргентина ЖӘНІБЕК

Хабарламаларға жазылу