Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері қар астында қалған 460 адамға көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері қар астында қалған 460 адамға көмек көрсетілді

15.01.2015
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері қар астында қалған 460 адамға көмек көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қар астында қалған 460 адамға көмек көрсетілді.

«Қазақавтожол» қызметкерлері жолдан шығып кеткен және батып қалған көліктерді техникаларымен тартып, жолды ашып, барлығын аудан орталығына дейін жеткізді.

Ақтүтек боран салдарынан өңірде 2-3 рет жолдарды жабуға да тура келіпті.

Бүгінде «Қазақавтожол» мекемесінің облыстық филиалында 150-ден астам қар тазалау техникасы бар. Олардың жартысынан көбі күнделікті жол үстінде жұмыс істеп, басқа көліктердің тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етіп тұр.

Өмірзақ Ерембаев, «Қазақавтожол» мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиал директоры: 

Боранда да жолды тазалап жатырмыз. Құм себеміз. Жолды кеңейту жұмыстары жүргізілуде.  

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу