Павлодарда жүзу бассейніне электронды пандус орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жүзу бассейніне электронды пандус орнатылды

16.01.2015
Павлодарда жүзу бассейніне электронды пандус орнатылды

«Шымыр» сауықтыру бассейніне екінші қабатқа электр қуатымен көтеріп шығаратын пандус орнатылды. Бұл құрылғы жеделсатыға ұқсайды.

Мүмкіндігі шектеулі жан ешкімнің көмегінсіз екінші қабатқа шығып, арбамен бассейн жиегіне келеді.

Ол жерде адамды хауызға түсіруге арналған тағы бір электронды пандус бар.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу