«Air Astana» компаниясының ұшақтары «Алматы-Орал» бағыты бойынша қатынай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Air Astana» компаниясының ұшақтары «Алматы-Орал» бағыты бойынша қатынай бастады

16.01.2015
«Air Astana» компаниясының ұшақтары «Алматы-Орал» бағыты бойынша қатынай бастады

Оралға барған Азматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұқтыбаев жаңадан төселген ұшу-қону жолағының сапасымен танысты.

Әуежайды жаңғыртуға республикалық бюджеттен 6 миллиард 323 миллион теңге қарастырылса, соның 1/3 алғашқы кезеңде игерілді.

42 метр болатын ұшу-қону жолағына қос қабат бетон төселіп, тегістелді. Мамандар алаңның сапасы жоғары, 20 жыл ақаусыз қызмет етеді, дейді.

Әуежайда апаттан құтқару станциясы салынып, ескірген сигналды-жарық белгілері толық жаңартылады.

Сонымен қатар, Орал қаласынан 15 шақырым электр желісін тартуға 1 миллиард теңге бөлінді. Мұның бәрі әуежайдың жолаушы және жүк қабылдау қуатын арттыра түседі.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу