Іші-сыртын күнәлардан тазалау үшін дінге сенушілер суық суға шомылады.
Осыған орай, астаналық құтқарушылар суға түсу кезінде қандай сақтық шараларын сақтау керектігін түсіндірді.
Мұздай суға түспес бұрын денені қыздырып алған абзал. 15-20 секундтан артық суда болмаған жөн.
Ең бастысы, ішімдік ішпей, сау күйінде түскен дұрыс. Ал, жүрек ауруларына душар жандар үшін суық суға түсу қажет емес.
Мәселен, былтыр жүрегі сырқат адам суға шомыламын деп, ауыр халде ауруханаға түскен. 19 қаңтарда өтетін шараға суда құтқару қызметі дайын.