Шекара қызметінің Әскери кеңесінде саланың бір жылдық жұмысы қорытындыланды.
Мекеме басшыларының айтуынша, Шекара қызметін қару-жарақ, жаңа техникалық құралдармен жабдықтау жұмысы жалғасуда.
«Өткен жылы екі әскери тікұшақ сатып алынды, 9 әуе кемесі жаңартылды. Нәтижесінде түнгі барлау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туды», - дейді сала басшылары.
Кеңес соңында шекара қызметінде көзге түскен үздік отрядтар, үздік заставалар және үздік шекарашылар арнайы марапатталды.
Шынар АСАНҚЫЗЫ