Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін

21.01.2015
Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін

Әзірге белгілі болған мәлімет бойынша ұшақ ішінде қаза болғандардың үшеуі – экипаж мүшесі.

Қалған төрт азамат «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «БалқашЦветмет» ЖШС-нің әкімшілік қызметкерлері екендігі анықталды.

Қазір оқиға орнында апат салдарын анықтау мақсатында арнайы топ жұмыс істеуде.

Ал, 29 жастағы Балқаш қаласының тұрғыны Әсем Шаяхметова Шу қаласының ауруханасында жатыр.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу