Өйткені, бүгінгі тестілеуден өткізіп барып жұмысқа қабылдау жүйесі мемлекеттік қызметшілердің қабілеті мен біліктілігін анықтаудың ұтымды формасы бола алмай отыр.
Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары мен аймақ басшылары, депутаттар қатысқан жиында мемлекеттік қызметшілердің «А», «Б» корпусына мамандарды таңдау талабын өзгерту мәселесі қызу талқыланды.
Аймақ басшыларының айтуына қарағанда «А» корпусына өтуге лайықты білім мен білігі жетіп тұрған үміткерлердің кейбірі 1 ғана баллдың жетпеуі салдарынан сыннан сүрінген. Сондықтан тестілеу талаптарын жұмсартқан абзал.
Сонымен қатар, орталықта тек министрліктер деңгейінде жұмыс істеп, облыстардағы жағдайдан хабарсыз, аймақта жұмыс тәжірибесі жоқ қызметшілерді вице-министр деңгейіне дейін көтеру секілді кадрлық мәселелерді де мұқият зерделеген жөн, дейді.
Талқылау барысына мемлекеттік қызметшілерді іріктейтін конкурстық комиссиялардың құрамына кәсіби мамандарды тарту сөз болды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазір коммандалық ауысуларды түбегейлі тыю, қызметкерлерді жұмыстан өз бетімен кетуге мәжбүрлейтін басшыларды тәртіпке шақыру, жалпы мемлекеттік қызмет жүйесінің моделін жетілдіру жайын зерделеу үстінде. Алдағы уақыттта нақты шешімдер қабылданатын болады.
Ғабидолла Әбдірахымов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары:
Елбасы Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік басқару жүйесіне, мемлекеттік қызмет институтына ерекше назар аударады. 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында кәсіби Үкімет құру, мемлекеттік қызмет саласына ерекше назар аударылады.
Жайнагүл ТӨЛЕМІС